Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда таксиге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 11:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда такси жүргізушілеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек. Қала әкімдігі жолаушылар тасымалымен айналысатын аталмыш қызмет түрін жетілдіру мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары Алматы тұрғындары такси тасымалы сапасының төмендеп кеткеніне жиі шағымданады: таксидің құны қымбаттап, чек берілмей, жүргізушілердің дөрекілігіне байланысты көптеген даулар туындауда.Такси қызметінің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ ашықтық пен саладағы көлеңкелі ақша айналымымен күресу үшін қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда. Соған байланысты ресми тіркелген таксопарктердің такси көліктеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат беру жоспарлануда. Одан күтілетін нәтиже – такси қызметінің сапасы көтеріліп, таксопарктердің табысы ашық болады», - деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Іnstagram-дағы парақшасында.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай