Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатыр

2020 жылдың 8 қараша 2020 22:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкі 17:08 шамасында өрт сөндірушілер Медеу ауданының «Бұлақ» саяжай серіктестігі маңына жеткен.

«Бірінші келіп жеткен құтқарушылар халық қоныстанған жеке үйлерге қауіп жоқ екенін анықтады. Өртті жылдам сөндіруге тау бөктеріндегі жүріп-тұруға қолайсыз жер, солтүстік-батыстан соққан күшті жел кедергі жасады. Жел қызыл жалынның одан әрі таралуына себепші болып отыр. Жанып жатқан шөптің биіктігі 1,5 метрге жетеді. Таулы жер болған соң техника өте алмайды, жол жоқ, өртті сөндіру өте қиын, сондықтан өрт сөндірушілер жаяу әрекет етіп жатыр. Оқиға орнына 33 маман жұмыс істеуде» деп мәлім етті департаменттен.

Кешкі сағат 21:10 кезінде оңтүстік-шығыс тұста тілсіз жау біршама ауыздықталды.


Жоғары қарай