Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда таулы аймақтардағы өрт қаупінің алдын алу жұмыстары басталды

2021 жылдың 3 мамыр 2021 17:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өрт қаупінің басталуына байланысты 1 мамырдан бастап қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, табиғатты қорғау полициясы, Іле Алатауы паркі инспекторлары мен волонтерлер таулы орманды алқапта рейдер ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының ең көп баратын демалыс орындары анықталды:

- Медеу ауданы – Бутаковка шатқалы;

- Ким - Асар, Просвешенец бөгетінен «Қазселденқорғау» ММ бекетіне дейін және «Тұйық - Су» стансасы;

- Бостандық ауданы – Алмарасан шатқалы, Казачка;

- Түрксіб ауданы - Бауман тоғайы.

Патрульдеу кезінде таулы орман алқаптарындағы өрттің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар жүргізілді, Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Медеу» табиғи саябағы аумағында демалатын тұрғындарға қоқысты жағуға және от жағуға тыйым салынғаны туралы ақпарат берілді.

Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына орманға жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға, от, шөп жағуға, бөтелке, әйнек сындыруға тыйым салынғанын тағы да еске салады. Азаматтардың аталған тыйымдарды сақтамауы өрттің өршуіне әкелуі мүмкін.

Еске салайық, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін және материалдық зиян келтіргені үшін ҚР заңына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған.

Алматыда тұрығындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Аюсай мен Ақсай шатқалында қорғаныс бөгеттерінің құрылысы жүріп жатыр.

Осыған байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылған, алайда құрылыс алаңынан өтуге болады:

- 8 мамыр таңғы 8:00-ден 10:00 -ге дейін; 12-ден 14 күнге дейін; 17-ден 19-ға дейін;

- 9 мамырда өткел күні бойы туристер үшін толықтай ашық болады.


Жоғары қарай