Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі

2021 жылдың 22 қазан 2021 10:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Алматы қаласы мәслихаты 2020 жылдың 30 қазанындағы «Дәрі-дәрмекпен қосымша қамтамасыз ету туралы» шешімге толықтырулар енгізетін шешім жобасын дайындады.

Енді бюджеттен дәрі-дәрмектер Алматы қаласының тұрғындарына келесі аурулар бойынша қамтамасыз етілетін болады:

Қатал адам синдромы – октагам;

Ойық жара – адалимумаб;

Бұлшықет дистрофиясы – этеплирсен, дефлазакорт, Голодирсен;

Муковисцидоз – Стерилденген Nutriet Standard 200 мл, Nutriet Energy 200 мл, Nutriet Standard 350 г.

Жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай