Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Төле би көшесі демалыс күндері жабылады

2020 жылдың 10 шілде 2020 20:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 шілде таңғы сағат 8:00-ден 13 шілде таңғы 6:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен С.Қожамқұлов көшесінен Ә.Шәріпов көшесіне дейін жол жабылады», - деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.

Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты.

Алматы инженерлік желілерін қайта жаңарту – тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыру, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет.

Басқармадағылар, бұл қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.


Жоғары қарай