Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда туберкулезбен сырқаттану деңгейі қандай

2021 жылдың 23 ақпан 2021 14:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда соңғы 5 жыл ішінде туберкулез ауруының көрсеткіші 42,8% төмендеген. Бұл туралы Алматы қаласы «Фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Жанар Сәпиева онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, туберкулезден болатын өлім-жітім - 68,7%, таралуы - 48,7, балалар арасында сырқаттанушылық 55,7% төмендеді.

Туберкулездің бактерия бөлусіз түрімен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеу кеңейтілді. 2020 жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің жағдайында бактерия бөлмейтін алғашқы амбулаториялық емдеумен қамту 73,2% құрады.

«Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған емделушілер сәтті жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау емі әдісімен туберкулезбен ауыратын 338 науқас емдеуді аяқтады (65,0%); жеке автокөлік бөліне отырып 7 мобильді топ ұйымдастырылып, 2020 жылы 1117 адам ем алды.

ФО базасы пандемия кезеңінде 300 провизорлық төсек-орын және 250 инфекциялық төсек-орынға кеңейтілді. 2020 жыл 10 қырқүйекке дейін коронавирустан 1333 науқас және 848 науқас провизорлық бөлімшеден емделіп шықты. Былтыр коронавирус+туберкулез диагнозы 5 адамға қойылды.

Биыл қосарланған диагноз 3 адамға қойылды», - деді Жанна Сәпиева.

Биылдан бастап орталықтағы 200 орын жұқпалы аурулар бөлімшесіне қайта бейімделді. Осы уақыттан бері стационарға 566 науқас түсіп, 445 пациент шықты.


Жоғары қарай