Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда тұрмысы нашар отбасылар газға тегін қосылады

2020 жылдың 28 қараша 2020 17:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың үйі газбен қамту жүйесіне тегін қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұдан бөлек Halyk Bank-тен 300 мың теңгеге дейін пайызсыз несие алу мүмкіндігі беріледі.

Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігі, «Халық Банк» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында үшжақты меморандум жасалды.

Бұл жұмыс қаланың жеке сектор тұрғындары газбен жабдықтау жүйесіне әлі қосылмаған аудандарында белсенді жүргізіліп жатыр.

Мысалы, Алатау ауданында алты үй газға қосылған. 33 үй бойынша монтаж жұмыстары аяқталып, қосу үшін құжаттар әзірленіп жатыр.

Газға қосу үшін пайызсыз және кепілсіз несие 18 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қосымша ақпаратты аудандық әкімдіктерден алуға болады.


Жоғары қарай