Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үш қабатты қонақүй мен гүл сататын дүкен сүрілді

2021 жылдың 26 ақпан 2021 17:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш қабатты қонақүй мен гүл сататын дүкенді сүрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құлжа даңғылының бойында орналасқан бұл ғимаратта қонақүй, дәмхана мен дүкен орналасқан. Сот шешімімен оның заңсыз тұрғызылғаны анықталды.

«Жер қатынастары басқармасының ғимарат иесі туралы сотқа берген шағымы біраз уақытқа созылған. Араға уақыт салып сот отырысына нүкте қойылды. Сот шешімі бойынша рұқсатсыз тұрғызылған ғимарат бұзылуы тиіс. Алайда, меншік иесі бұл шешімді орындамаған. Жуықта сот орындаушылармен бірігіп, ғимаратты күшпен бұздық»,- деді қала құрылысы басқармасының мамандары.

Былтырғы тексеріс кезінде 180 шаршы метр гүл алаңы да көптеген заңбұзушылықтармен салынғаны анықталған.

«Дүкен ешбір жобалық-сметалық құжатсыз, жоба сарапшыларының қорытындысынсыз тұрғызылған. Авторлық және техникалық қадағалаусыз салынған. Құрылыстың болатыны туралы жауапты орындарға еш айтылмаған. Сондай-ақ, бұл ғимарат құрылысы үшін тұрғын үйді бұзған. Бұл «ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы« заңының 34-2 бабы, 2 бөлімін бұзу боп табылад», - деді басқарма мамандары.

















Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай