Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 17:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үй карантин режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде үй карантинін бұзушылар бар. 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш алматылық үйінен ауруханаға ауыстырылды. Мұндай шешімге өздері келді», – дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, үй карантинінде отыратын адамдар үнемі тексеретіледі.

«Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексерді, нәтижесінде 23-і үйінен табылған жоқ. Яғни, көшеге шығып кеткен»,– дейді Жандарбек Бекшин.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Карантин, Медицина,
Жоғары қарай