Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда үй карантинін бұзған 13 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 22:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 13 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 13 алматылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Жоғары қарай