Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үй карантинін бұзған 196 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 17:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 14 күндік үй карантинін бұзған 196 тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 196 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл төледі (30 АЕК), оның ішінде үш тұрғын екі рет төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмеді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Еске салайық, Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Мегаполис «қызыл» аймақта. 19 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 555 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 440, симптомсыз – 115 науқас тіркелді.


Жоғары қарай