Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үй өртеніп, бір адам мерт болды

2019 жылдың 16 қазан 2019 00:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алатау ауданында жекеменшік үй өртеніп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.

«15 қазанда сағат 22:22-де Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. 25 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 23:00 сөндірілді. Оқиға орнынан 1960 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Сондай-ақ, 1987 жылы туған ер адам түрлі деңгейде күйік алған. Оған медициналық көмек көрсетілуде», - делінген Комитет хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жоғары қарай