Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үйінен қашып кеткен бала 5 күннен кейін сауда орталығы маңынан табылды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 17:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үйінен қашып кеткен 13 жастағы бала сауда орталығының жанынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД-ның ювеналды полиция қызметкерлері қадағалаусыз және қараусыз жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейд өткізді.

«Басты мақсат - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, қадағалаусыз және қараусыз өмір салтын жүргізетін кәмелетке толмағандарды, оның ішінде түнде көшеде жүретіндерін анықтау үшін жүргізілді. Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері түнгі сағат 22:00 шамасында «Сити Плюс» сауда орталығының аумағында 13 жастағы баланы тауып алды. 2007 жылы туған Т. есімді бала Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол үйінен қашып кеткен және оны жергілікті полиция қызметкерлері іздеп жатқаны белгілі болды», - деді Әуезов ауданының полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Спикердің айтуынша, кәмелетке толмаған ұл баланы полиция мен туыстары бес күн бойы іздеген.

«Бала ата-анасына тапсырылды, мамандар олармен кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттеріне қатысты әңгіме өткізді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарды немқұрайлы болмауға және жалғыз жүрген балаларға назар аударуға шақырамын. Мүмкін дәл сол сәтте балаға үлкендердің қолдауы мен көмегі қажет болуы мүмкін», - деп түйіндеді Әлішер Тұрсынбетов.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай