Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 13:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6 848 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қыркүйек күні 6848 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін- 2 928, II компонентін - 3 920 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 қыркүйек аралығында қалада 916 736 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 814 080 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 115 498 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай