Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді

2021 жылдың 28 маусым 2021 17:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қызметкерлері толықтай вакцина салдырған болса офисте бұрынғыдай жұмыс істей алады.

«Мекемелердің, кеңселердің жұмысына қатысты сұрақ өте жиі қойылады. Егер Ashyq жүйесіне қосылмаған болса, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан, 20 пайызы кеңседен жұмыс істей алады. Қызметкерлері толық вакцина салдырған болса пайыздық үлес ескерілмейді, тек вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі», - деді Жандарбек Бекшин.

Бекшин тұрғындарды эпидемиологтар мен дәрігерлерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Оның айтуынша, қазір бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу сынды санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.


Жоғары қарай