Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда вакциналау процесі қалай жүріп жатыр

2021 жылдың 12 наурыз 2021 15:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу жоспары айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцинаның бірінші кезеңінде 1750 медицина қызметкеріне екпе егілді.

Наурыз айында 10 мың 800 доза вакцина алынып, 658 полиция қызметкері мен 310 мұғалім вакцинацияланды. Бұл жұмыс күн сайын жалғасуда.

«Біз басқа контингенттер үшін де әкелінетін келесі екпелерді күтудеміз. Бұл наурыз айынан соң болады. Осы орайда Алматы қаласына қосымша 16 мың 300 доза екпе беріледі. Екпе алушылардың саны өсе бермек. Біз қосымша, екпе егуге жататын студенттер мен басқа да тұлғаларға да екпе егеміз», - деді Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова.

Оның айтуынша, жоспар бойынша келесі екпе сәуір, мамыр, маусым айлыранда әкелінуі тиіс.

Спикердің айтуынша, Наурыз мейрамынан кейін студенттерге және басқа адамдарға 16 мыңнан астам доза вакцина алынады.

Эльвира Ибрагимова антиденелер туралы сұраққа да жауап берді.

«Антиденелер 42-ші күні түзіледі. Клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Өндірушінің ақпараты бойынша иммунитет бір жылдан екі жылға дейін сақталады. Егер адам ауырып-жазылған болса, онда оған сауыққаннан кейін алты айдан кейін екпе салуға болады «, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, спикер вакцинаның қорғанысы жоғары және тіпті, егер жұқтырған болса, ауру вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда жеңіл түрде өтетінін баса айтты. Дегенмен, бетперде киюді жалғастыру және әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет.

«Бұл инфекция біз үшін жаңа екенін ескере отырып, вакцинациядан кейін бетперде киюді және барлық алдын алу шараларын сақтауды ұсынамыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап, Алматыда коронавирусқа қарсы екпе егі науқаны басталған. «Спутник V» екпесін егудің бірінші кезеңінде медицина қызметкерлері мен пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүргендер егіледі. Наурыздан бастап, полиция қызметкерлері мен ұстаздар қауымына екпе егу басталды.


Жоғары қарай