Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда зардап шеккен 27 нысанның оны бюджет есебінен жөнделеді

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 14:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев қаланың зардап шеккен нысандарындағы қалпына келтіру жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар Нұрашевтің айтуынша, жекеменшіктегі нысандар шағын және орта санатына ауыстырылды.

Олар - «Мир 24» телеарнасы, «Алматы халықаралық әуежайы» ғимараты, Nur Otan партиясының ғимараты (Төле би көшесі, 277).

Сонымен қатар, келіссөз барысында Тұңғыш Президент қорының ғимаратын қордың өз қаражаты есебінен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

«27 нысан қайта қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 10 объекті бойынша қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Олар: әкімдік ғимараты, «Қазақстан» телеарнасы, Президент резиденциясы, прокуратура өкілдігінің және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының ғимараты. Сондай-ақ 6 нысанға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді: полиция департаментінің ғимараты және фронт-офис, Алмалы аудандық полиция басқармасының ғимараты және фронт-офис, Алмалы аудандық полиция бөлімінің ғимараты және фронт-офис», – деп атап өтті қалалық жайлы орта басқармасының басшысы.

Ол «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Қазмирр» АҚ (қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты – Президент Резиденциясының ғимараты) институтымен және басқа да аккредиттелген ұйымдармен техникалық тексеру, ЖСҚ әзірлеу және ағымдағы жөндеу бойынша сметалық есептер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қалған 17 нысан аз ғана шығынға ұшырады, соның негізінде қалпына келтіру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі.

Бұл 5 нысан: №7 қалалық клиникалық аурухана, қалалық кардиологиялық орталық, №1 перзентхана, Алмалы ауданының МСАК №12 орталық клиникалық ауруханасы; полиция департаментінің 10 модульдік бекеті; Әуезов және Жетісу аудандарының фронт-кеңселері бар 2 полиция басқармасының ғимараты.

Сапар Нұрашевтің айтуынша, Құрылыс комитеті басшысының төрағалығымен бірнеше кеңес өткізіліп, онда тиісті шешім қабылданған.

«21 қаңтарға дейін барлық нысан бойынша сметалық есеп дайындалады. 25 қаңтарға дейін техникалық тексеру аяқталады. Ал, 15 наурызға дейін күрделі жөндеу мен қайта жаңарту жүргізілетін объектілер бойынша ЖСҚ әзірленеді»,- деді ол.


Жоғары қарай