Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда зауыт жұмысшыларына вакцина салынды

2021 жылдың 29 маусым 2021 21:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының индустриалды аймағына орналасқан кәсіпорындардың шақыруымен мобильді екпе бригадалары «Алмапақ» зауытының жұмысшыларына вакцина салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің таратқан деректеріне сүйенсек, зауытта вакцина салдыруға 30 адам жазылған. Олар вакцинаның екі компонентін де алды.

«Біз құрғақ құрылыс қоспаларына арналған қағаз шығарамыз. Өндірісті тоқтатуға болмайды, өйткені біздің өнім Өзбекстан мен Қырғызстанға да қажет. Сонымен қатар, біздің барлық қызметкерлеріміздің отбасы бар, сондықтан олар екпені саналы түрде алып отыр. Мен сәуір айында вакцина алдым, кейінірек жұмысшыларға ұсындым. «Дархан» шағын ауданындағы емханаға өтінім беріп, медициналық бригада келіп, вакцина салды», – деді зауыт қызметкері Айдар Қасенов.

Бұл – Алматы индустриалды аймағындағы жұмысшылар бригадасы вакцина алған алғашқы өнеркәсіп кәсіпорны емес. Сәуір айында «Алматы электр қалқаны», «Хюндай Транс», «КСМ Техновид» пен «Масло-дел» зауыттары ұжымдары да жаппай вакциналаудан өткен.

29 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 438 930 адам вакцина алған. Өткен тәулікте 10 398 адам вакциналанды. 60 жастан жоғары вакцина алғандар саны 74 656 адам.

Мегаполисте медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істеп тұр. 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.


Жоғары қарай