Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда зейнеткерлер арасында скандинавиялық жүрістен жарыс өтті

2020 жылдың 23 қазан 2020 09:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында қарттар арасында скандинавиялық жүрістен жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, бұл іс-шараның мақсаты - егде жастағы тұрғындардың денсаулығын нығайту, белсенді әлеуметтік өмірге тарту.

Казіргі таңда Алмалы ауданында 35 945 зейнеткер тұрады. Соның ішінде 33 Ұлы Отан Соғыс қатысушылары мен мүгедектері, 2473 тыл еңбеккерлері бар.





Спорттық шара Ганди атындағы саябақта өтті. Оған Алмалы ауданының 30-ға жуық аға буын өкілдері қатысты.

«Қарттар айы» аясында ұйымдастырдыған «Скандинавиялық жүріс» сайысында үш жеңімпаз анықталды. Барлық қатысушылар аудан әкімінің медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.









































Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай