Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыда жағдайы ауыр 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

2020 жылдың 2 сәуір 2020 12:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«68 науқастың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауыр. 2 ересек адамның жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Пациенттердің бірінде өкпенің обструктивті созылмалы ауруы бар болғандықтан оның жағдайы ауыр. Сонымен қатар оның бірқатар антибиотикке аллергиясы бары анықталды. Ал екінші пациентте өкпенің екі жақты пневмониясы болғандықтан, оның да жағдайы ауырлап отыр», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Жұқтырғандардың арасында 1 бала бар, оның денсаулық жағдайы қазір қанағаттанарлық.


Жоғары қарай