Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда жалға берілетін баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

2020 жылдың 1 шілде 2020 14:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 маусымнан 3 шілде аралығында Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға үй беру бағытында құжат қабылдауды бастады», - деді басқармадан.

Өтінімдер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы беріледі. Сайттағы авторизация электронды қолтаңба арқылы жүргізіледі.

Бұл бағдарлама бойынша баспана 5 жылға жалға беріледі. Қазір Алатау ауданындағы 13-шағынауданда 1 бөлмелі пәтерлерден бесінші пул жасақталған.

Бағдарламаға қатысу шарттарымен мына жерден танысуға болады.



Жоғары қарай