Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жалған доллар жасағандар сотталды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 10:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалған АҚШ долларын жасағандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған АҚШ долларын сақтаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«2020 жылдың тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ доллары номиналындағы жалған шетел валютасын сатумен айналысатын екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды», делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 2,3-тармағы (жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.


Жоғары қарай