Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаңа қоғамдық кеңістіктер қай жерлерде салынуда

2021 жылдың 1 қараша 2021 10:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев балалардың ойын және спорт аймақтарын құру, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалардың іске асырылуымен танысты.

Әуезов ауданының «Алтын бесік» шағынауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Бұрын Анет баба көшесінде студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Тұрғындар өтініш білдірген соң қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұнда спорт және ойын алаңдарын, сондай-ақ балабақша салу туралы шешім қабылдады.

Енді 5 мың шаршы метр бос тұрған жерде футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары бар спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңы салынды. Аумақ абаттандырылды, жарық тартылды, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды, бұталар мен ағаштар отырғызылды. Жақын жерде 120 орындық балабақша салынады.

Шаһар басшысы сондай-ақ «Алтын бесік» шағынауданындағы Трудовая көшесінде абаттандыру және қоғамдық кеңістік құру барысын көрді. Аумағы 9 мың шаршы метр болатын қараусыз қалған алаң тазартылып, тренажер, теннис үстелі, воркаут-аймағы бар спорт алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдары, скейт-алаң, балалар ойын аймағы қарастырылған. Бейнебақылау камерасы орнатылды.

«Ақсай-2» шағынауданындағы саябақта қайта жөндеу жүргізілуде. Әкім мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған №42 мектептің спорт алаңын аралап көрді, Үлкен Алматы өзенінің жағалауы - әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірасты кеңістігін абаттандыру жұмыстарын тексерді. Сонымен қатар, Ясауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзындығы 4,5 шақырым Төле би көшесін ұзарту жобасы қаралды.


Жоғары қарай