Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

2021 жылдың 15 қазан 2021 15:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, көзін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жүктіліктің 29-аптасында с алмағы 900 грамм болатын с әби дүниеге келді.

Дәрігерлер оған көздің ауыр сырқаты – шала туған нәрестелердің ретинопатиясы диагнозын қойды.

«Шала туған ретинопатия - бұл көздің ауыр ауруы, негізінен шала туған нәрестелерде болады. Сырқат тез дамиды. Егер бірнеше күн ішінде микрохирургиялық операция жасалмаса, бала соқыр болып қалуы мүмкін. Ретиналды транспупиллярлы лазерлік коагуляция жасадық. Операция сәтті өтті. Қазір бала жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті», - дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова.

Оның айтуынша, тек қыркүйек айында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында осындай жоғары технологиялық 8 ота жасалды, жылына 70-ке жуық операция болады.

Бұл операциялар МӘМС шеңберінде тегін жүргізіледі.


Жоғары қарай