Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаппай ереуіл кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 12:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 9 полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов штаб отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың бас полицейінің мәліметінше, Алматыдағы тәртіпсіздіктен кейін бес полицей ауруханада жатыр, оның екеуі ауыр халде.

Барлығы 1097 полиция қызметкері түрлі жарақат алған.

Сонымен қатар, ол полицияның 5 фронт-офисі, 19 модульдік кеңсесі және 13 экопост өртеніп кеткенін айтты.

Сондай-ақ, Алмалы полиция басқармасының ғимараты қирады.

«165 көлік зардап шекті, оның 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. 7 қару-жарақ дүкенінен 1347 дана қару ұрланған. Бүгінгі таңда 127 қару тәркіленді, оның 58-і аңшылық дүкендердерден ұрланған», – дейді Қанат Таймерденов


Жоғары қарай