Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 13 экологиялық пост өртенген

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 17:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бұзақылар 13 экологиялық бекетті өртеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, 13 экологиялық пост өртеніп кетті. Сонымен қатар, бұзақылар 4 бекетті сындырып, тонаған. Тек 2 бекет қана аман қалған.

Қазіргі кезде 4 бекетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар аптаның аяғына дейін іске қосылады. Ал 13 бекетті жөндеп, қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет.




Өртелген бекеттерді қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес орнынан алып тастап, жаңасын орнату бойынша жұмыстар қолға алынды.

Сонымен қатар, бекеттер қалпына келтірілгеннен кейін жауапты қызметкерлер өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Жаңа экологиялық бекеттердің жұмыстарының қайта толық қалпына келуі туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.





Жоғары қарай