Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды қайдан іздеуге болады

2022 жылдың 23 қаңтар 2022 23:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаменті тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздестіру үшін арнайы сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз сall-орталыққа хабарласып тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Мына телефон нөмірі бойынша +7 (727) 290-19-01 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Бұған дейін Бас прокуратура Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойғаны туралы айтқан болатын.


Жоғары қарай