Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жасөспірімдерді тонаған ұрылар ұсталды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 23:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Полицейлер балаларды тонап кеткен ұрыларды ізін суыпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 9 мамыр күні Баум тоғайында болды.

«15 жастағы екі жасөспірім велосипед теуіп жүрген. Екі ер адам олардың алдынан шығып, жолын кесіп, велосипедтерін тартып алған. Жасөспірімдер саспай, бірден айналасындағылардан полицияға хабарласуды сұраған. Бірнеше минуттан кейін полиция патрулі оқиға орнына келді», - дейді жәбірленушілердің әпкесі.

Ұрылар жасөспірімдердің екі велосипедін, екі телефонын алып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 400 мың теңге.

Аталған дерек ҚРҚК 191-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Түркістан облысының 22 жастағы және Алматы облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Екеуі де бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды», - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай