Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Жастар жылы қорытындыланды

2019 жылдың 26 желтоқсан 2019 10:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Елбасының бастамасымен жарияланған «Жастар жылы» алматылық жастар үшін табысты болды.

2019 жылы қалада 100-ден астам спорттық, мәдени және танымдық шара өтті. Оған 120 мыңнан астам жас қатысты. 15 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Жастар жылын» қорытындылауға арналған форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар форумына қатысқан қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров елдің ең белсенді және қоғамның қозғаушы күші жастар екендігін атап өтті.

«Алматы - жастар қаласы. Бүгінде мегаполисте 700 мыңға жуық жас бар. Яғни әрбір үшінші тұрғын - жас. Оның 233 мыңы - студент. Олар 39 университет пен 80 колледжде білім алып жатыр. Сапалы білім – болашақтың кепілі. Достар, еліміздің болашағы сіздің біліміңізге, күш-жігеріңізге және патриотизмге тікелей байланысты», - деді құттықтау сөзінде қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Қала әкімдігі жастарға ерекше көңіл бөледі. Қолжетімді және сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау сияқты практикалық мәселелер шешілуде. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында жұмыс істейтін жастарға 249 пәтердің кілті табысталды.

2019 жылы Алматыда 100-ден астам спорттық, мәдени және танымдық шара өтті. Оған 120 мыңнан астам жастар қатысты. Ал, қаладағы ең ірі шара Шымбұлақта бірінші Орталық Азия жастар фестивалінің өтуі болды. Оған 6 мемлекеттің жастары қатысқан еді. Сонымен қатар «QS World Wide – 2019» көрмесі мен халықаралық конференцияны атап өтуге болады. Осының бәрі Алматының белсенді әрі талантты жастарының арқасында жүзеге асты.

Форум аясында белсенді қала жастары марапатталды. Олардың арасында жас кәсіпкерлер, ғалымдар, режиссерлер, актерлер, суретшілер, университет оқытушылары, жастар қозғалысының жетекшілері бар.

Жоғары қарай