Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

2021 жылдың 28 қараша 2021 14:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол- көлік апаты 27 қарашада шамамен кешкі сағат 20:20-да болды.

Yutong маркалы автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатып, Жансүгіров көшесінің шығысына қарай Жұмабаев көшесінде жолдың жүруге болмайтын бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-45 жас аралығындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Хишанло.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай