Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда жазғы кафеге кіріп кеткен көлік үстел басында отырған әйелді барып соқты

2022 жылдың 27 мамыр 2022 14:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда апат салдарынан «Toyota Camry» көлігі дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 мамыр күні кешкі сағат 19:47 кезінде болған.

«Төле би көшесі бойымен батыс бағытта, Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі солға бұрылып жатып, Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан «Volkswagen Polo» көлігіне соғылған. «Volkswagen» жүргізушісі көлігін қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалды. Ал соқтығыс салдарынан «Toyota Camry» автокөлігі инерциямен Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп келіп, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимаратқа кіріп кеткен. Бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомства өкілдері, аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты. Оның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Видео, Алматы, Көлік, Жол, Оқиға,
Жоғары қарай