Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жеңілдікпен пәтер алудың жолдары қандай

2021 жылдың 1 наурыз 2021 03:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пәтер кезегінде тұрғандарды түгендеу қалай жүргізіледі? Бұл сұраққа осы мәселе бойынша өткен жиынды айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдіктің хабарлауынша, осы жылы 8 мыңнан астам тұрғынды баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Азаматтар бұл тізімге кіретінін, не кірмейтінін қалай біле алады ?

«Пәтерлердің жалпы санының 879-ы кезектілік тәртібімен бөлінетін болады.

Қалған пәтерлер жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз сатылады. Осы бағдарламаларға қатысу ерікті сипатта болады. Осыған байланысты қатысуға ниет білдірушілер тиісті өтінім беруі тиіс. Қалған пәтерлер жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз сатылады. Осы бағдарламаларға қатысу ерікті сипатта болады. Осыған байланысты қатысуға ниет білдірушілер тиісті өтінім беруі тиіс», - деді әкімдік өкілдері.

- Кезекте тұрғандарды түгендеу қалай жүргізіледі?

2020 жылдан бастап кезекте тұрғандарға қызмет көрсететін бағдарламалық өнім - «Есепке қою...» бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілген, ол жылына бір рет мемлекеттік органдардың барлық жүйелерінен деректерді интеграциялау арқылы автоматты түрде түгендеу жүргізеді, оның нәтижелері бойынша қажеттілік болмаған, басқа елді мекенге кеткен, санатын жоғалтқан және т.б. жағдайда кезекте тұрған адам есептен шығарылады.

Айта кетсек, Алматыда жеңілдікпен пәтер алуға қатысты толық сұрақтар жауабын мына жерден оқысаңыз болады.


Жоғары қарай