Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жер сілкінісінің ошағы қаладан 5 шақырым қашықта болған

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 15:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда болған жерасты дүмпуінің ошағы қаладан 5 шақырым қашықта болған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі ҒМ ҒК «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлады.

Стансаның мәлімдеуінше, жер сілкінісі түскі 15:06:17 уақытта тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,5, магнитудасы – 3,7.

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

Қала тұрғындарына 2-3 балл көлемінде сезілді.

Қалалық ТЖД жергілікті атқару органдары, прокуратура, «Қазселденқорғау» МКК, басқа да ұйымдарға шұғыл хабарландыру жіберді.


Жоғары қарай