Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жерді заңсыз иемденген мыңға жуық тұлғаға айыппұл салынды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев онлайн брифинг барысында жерді заңсыз басып алғаны үшін 950 тұлғаға 213,5 млн теңге айыппұл салынғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, басты бұзушылықтардың бірі – жер учаскелерін өздігімен басып алу, жалдау мерзімі өткен учаскелерді және мақсатсыз жер учаскелерін пайдалану.

«Негізінен, жеке тұрғын үй құрылысына арналған мақсатты учаскелер коммерциялық мақсаттар мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылады. Осыған байланысты біз 862 тұлғаға қатысты 27,4 млн теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолдандық, кемшіліктерді жоюды ескерттік», - деді спикер.

Жерді заңсыз иемденіп алғаны үшін 950 адам жауапқа тартылып, оларға жалпы сомасы 216,5 млн теңге айыппұл салынды. Бұл ретте мемлекеттік қор жерлері есебінен жер учаскесінің көлемін ұлғайту орын алып отыр. Мұндай бұзушылықтар көбінесе жеке аулаларды бөлу, қоршаулар орнату, қоймалар түрінде қосымша құрылыстар жүргізу кезінде анықталады.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары мемлекеттік қордан жерді жалға алу мерзімі өтіп кеткен 1114 учаскені анықтады. Мұндай жағдайларда жергілікті атқарушы органдарға тиісті өтініш беру арқылы жалға алуды ұзартуға болады.


Жоғары қарай