Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматыда жиһаз шеберханасы өртеніп жатыр

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 12:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жиһаз жасайтын цехтан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу ауданы, Ратушный көшесінде орналасқан шеберхана өртеніп жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеуде. Қызыл жалының жақын жерде орналасқан өндірістік цехқа таралу қаупі туындауда. Өртті сөндіру үшін 20 техника мен 60 адам жұмылдырылды»,- деді Алматы ТЖД.

Қара түтін қаланың әр жерлерінен көрінеді. Өрттің шығу себептері мен аумағы анықталуда.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай