Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жол апатын жасаған мас жүргізуші қамауға алынды

2020 жылдың 24 қазан 2020 12:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас күйінде жол апатын жасаған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы күндізгі сағат 11:00 шамасында Қабанбай батыр көшесінің бойында болған. Шығысқа қарай бет алған «Honda» көлігінің жүргізушісі жол бойымен келе жатқан «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

Aпат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Жүргізушіні патрульдік экипаж сот-наркологиялық сараптамаға алып барды. Медициналық сараптама оның орташа дәрежеде ішімдікке масаң күйде екенін анықтады. ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.


Жоғары қарай