Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жол сапасына бақылау күшейтіледі – Сағынтаев

2021 жылдың 21 сәуір 2021 20:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында жолдарды жөндеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 20 сәуірдегі жағдай бойынша, 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 7-еуі магистральді, 30-ы аудандық маңызы бар көшелер мен шағын аудандардың орталық көшелері. 150 ақаулы және 10 люкті, торлы көшелер бар.

«3-19 сәуір аралығында 376 көшедегі жалпы алаңы 42,2 мың шаршы метрді құрайтын 2573 ақаулы учаскелер жөнделді, оның ішінде 96-сы магистральді және 280-і аудандық маңызы бар көшелер. Сонымен қатар 610 люк пен торлар жөнделді. 19 сәуірде жалпы алаңы 2,4 мың шаршы метр болатын ойлы шұңқырлар ретке келтірілді. Жолдардағы 86 ақау жойылды, 2 люк көтерілді»,- дейді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, ол жүргізілген жұмыстардың сапасына бақылаудың күшейтілгенін атап өтті.

Аудан әкімдері қала құрылысын бақылау басқармасымен бірге жөнделген жолдарды тексеретін болады. Егер сапасы төмен болса, онда кемшіліктерді жою талап етіледі. Сонымен қатар, барлық кезеңдерде асфальтбетон қоспасының сапасына бақылау күшейтілді - өндіріс үдерісінен бастап асфальт жолға төселгенге дейін. Қоспаны дайындау технологиясына ерекше назар аударылады»,- деді ол.

Аудан әкімдері тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, ақаулы учаскелерді анықтауды жалғастырады. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының барлығы сәуірдің соңына дейін аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар, аялдамалар, балалардың ойын және спорт алаңдары, орындықтар, жарық бағаналары мен электр желілерінің жағдайлары тұрақты бақылауда болады.


Жоғары қарай