Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жолға таласқан жүргізушілер төбелесіп қалды

2019 жылдың 30 шілде 2019 20:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны жолға таласам деп, бір адамның құлағын тістеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісіндегі Kris_p_brothers паблигінде жарияланды.

Оқиға Абай және Саин көшелерінің қиылысында болған. Жолға таласқан екі жүргізушінің бірі екіншісін ұрып-соғып, артынан құлағын тістеп алған.

Белгілі болғандай, бұзақы жүргізуші бұрын сотталған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек негізінде ҚР ҚК 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Қазіргі таңда Әуезов аудандық полиция басқармасы болған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіп жатыр. Жүргізушілердің арасында дау-жанжал болған. Олардың бірінің денесіне зақым келген. Оның дәрежесін сот-медициналық сараптама анықтайды»,- деді полициядан.




Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай