Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жөнделген скверлер мен әйгілі субұрқақ ашылды

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 22:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала күніне орай аты танымал субұрқақ іске қосылып, жөндеуден өткен Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратының алдындағы гүлзар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жүргізілген жұмыстың көлемі мен сапасын бағалап, аумақты абаттандыру жобасын талқылауға қатысқан осы ауданның тұрғындарымен әңгімелесті.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, Абай атындағы ҚҰАОБ айналасындағы бүкіл сәулет ансамблін қалпына келтіру туралы шешім қабылданған. Осы жұмысқа мамандар мен сәулетшілер тартылып, мұрағат деректері мен фотосуреттер зерттелді. Сондықтан барлық бөліктер барпынша дәлдікпен қалпына келтірілді.





«Неделька» субұрқағының шамдары, аркалары мен «абажурлары» қалпына келтірілді. Сонымен қатар, кіреберістегі бір кездері жойылған субұрқақтар қалпына келтірілді.

Алдағы уақытта саябақтар мен скверлерді қайта құру арқылы тұрғындарға жайлы орта мен сүйікті демалыс орындары пайдалануға беріледі. Мұндай жұмыс қаланың барлық ауданында, соның ішінде ең шалғай шағын аудандарда да жүзеге асады.





Абай атындағы ҚҰАОБ алаңы, «Неделька» субұрқағы, Қастеев саябағы, Ботаника бағы, Тұңғыш Президент саябағы қаланың өзіндік тұтас жасыл белдеуін құрайды.

«Бұл жер қонақтар мен шетелдік туристер үшін тартымды аймақ болмақ. Олар судың үстінде ілулі тұрған жеті аркадан ұлттық нақышты көре алады. Сол маңға әдемі көрік беріп тұрған жаңарған «Неделька» кешке ерекше. Маңайы жарық әрі жайлы орындар кешкі Алматының бірегей атмосферасын сыйлайды», - дейді Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.





Сквер мен «Неделька» субұрқағының ашылуына келген қала тұрғындары сүйікті орынның құлпырғанын айтып. саябақ үшін алғыс білдірді.





Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Әкім, Алматы,
Жоғары қарай