Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда ЖОО аумағынан ер адам асулы күйінде табылды

2021 жылдың 15 қараша 2021 17:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылына жақын орналасқан жоғары оқу орындарының бірінің аумағынан ер адам асулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп мәлім етті Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

29 жастағы ер адамның өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Еске салсақ, өткен қазан айында Қапшағай қаласындағы көпқабатты пәтерлердің бірінің балконында асылып тұрған 13 жасар баланың денесі табылған болатын. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді.

Ал 28 қазан күні оқушы 11-қабаттағы терезеден секіріп кетті.





Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Аймақ, Оқиға, Қоғам,
Жоғары қарай