Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жүк көлігінің жүргізушілері жол ережесін 4 мың мәрте бұзған - полиция

2021 жылдың 22 қазан 2021 22:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері жүк көлігі жүргізушілері тарапынан 4 мың 332 заңбұзушылық жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің бірнеше бабы бойынша 469 әкімшілік хаттама толтырылған.

Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, қазіргі уақытта патрульдік полиция көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе қала жолдарында көлік тасымалдаушылардың белгіленген рұқсат етілген салмақ пен габариттік параметрлерге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін рейд жүргізіп жатыр.

«Көліктік бақылау инспекциясына қаланың кіреберісінде жүргізушілерге шара қолдану үшін заңбұзушылық туралы ақпаратты жіберетін жүк көлігінің салмақ өлшегіштерін орнату бойынша мәселені қарау туралы ұсыныс енгізілді», – деді ол.


Жоғары қарай