Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 09:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте жыл соңына дейін 2,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев Алматы қаласының қоғамдық кеңес отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 248 мыңнан астам қолжетімді тұрғын үй бар екенін атап өтті.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер қаланың жаңа, дамыған аудандарында салынып жатыр. Онда қала тұрғындарының жайлы тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалады, ең алдымен: мектептер, балабақшалар, барлық жерде іргелес аумақ абаттандырылады, сондай-ақ медициналық ұйымдар салынады.

«Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасына 60 әлеуметтік нысан кіреді, оның ішінде 38 нысан биыл, 22 нысан келесі жылы аяқталады. Жаңа Алматы кешенді жоспар аясында Томирис, Саялы, Қалқаман-2, Дархан, Мәдениет, Қайрат, Нұркент шағын аудандарында 12 600 орындық 8 мектеп салынып жатыр, оның ішіндегі 3 мектеп бір жылдың ішінде пайдалануға беріледі» – деді Мұхит Әзірбаев.


Жоғары қарай