Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Зияткерлік көлік жүйесін құру бойынша гранттық жоба бекітілді

2021 жылдың 13 сәуір 2021 18:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев онлайн брифингіде жүзеге асқан цифрлық жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баян Қоңырбаев қалада IT-кеңестің құрылғанын, соның арқасында цифрлық қызметтің түрлі форматы бойынша деректердің, ақпараттық технологиялар саласындағы проблемалар мен сұраныстардың жинақталып, шешімін табатынын жеткізді.

«АТ-парктерінің Creative Valley-мен (Франция) әдіснамасын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Алматыда 2020 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында ірі урбанизацияланған жүйелерге арналған инновациялық шешімдер бағдарламасы бойынша Smart City зертханасы ашылды. Өткен жылдың мамыр айында жоба қорғалып, GPS арқылы мобильді пайдаланушылардың белсенділігін бақылауда Habidatum агрегаторы компаниясымен өзара әрекет орнату үшін Халықаралық қаржы орталығы арқылы грант алынды. Алматы қаласының Зияткерлік көлік жүйесін құру бойынша дүниежүзілік банктен 2022 жылға дейін құны 300 000 доллар болатын гранттық жоба бекітілді», - деді Баян Қоңырбаев.

Спикер іске қосылған жобаларға тоқталды. Олардың ішінде 766 «Сергек» бекеттері, адамдар жаппай жиналатын орындардағы 1000 бейнебақылау камералары, ТЖ болжау жүйесі, ТЖД тепловизорлық камераларын орнату, «Қауіпсіздік» бағыты бойынша ахуал орталығы, бағдаршамдарды басқару жүйесі бар.

Сондай-ақ Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында - инженерлік желілердің мониторингі жүйесі, көрсеткіштерді қашықтықтан беруге арналған есептегіш аспаптарымен қамту, пәтер иелерінің қызмет көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жүйесі және көшені жарықтандыруды басқару жүйесі.

Қаланы басқару саласында - қалалық бюджеттің, сатып алу мен қалалық жоспарлаудың қоғамға ашық болуы, бюджеттік бағдарламалардың орындалу мониторингі, қаланың ахуал орталығы және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру.

Цифрландыру Алматының білім беру саласын да қамтыды. Қалада спорт мектептерін басқару бойынша автоматтандырылған жүйе енгізілді, мемлекеттік білім беру мекемелерінде (220 мектеп) қауіпсіздіктің кешенді жүйесі пайда болды, ал Алматының барлық мектептерінде бухгалтерияны орталықтандыру жобасы дамып келеді.

Денсаулық сақтау саласында медициналық техника жұмысының мәртебесін қадағалау мүмкіндігі пайда болды, жақын маңда орналасқан МСАК-тің қолжетімділік картасы іске қосылды, жедел медициналық көмек автомашиналарының жұмысына мониторинг жүргізілді және медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелер енгізілді.

Әлеуметтік салада – бұл әлеуметтік қызмет көрсету үйінің қызмет түрлерін автоматтандыру жобасы және отбасының цифрлы әлеуметтік картасының қолданылуы.

Тағы бір айта кетері, Қоңырбаев қалада былтыр 27 жобаның жүзеге асқанын атап өтті.


Жоғары қарай