Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен өрт шықты

2019 жылдың 22 тамыз 2019 14:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультеті ғимаратының жертөлесінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 13:31 Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжай бойынша жертөледен шыққан түтін туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 13:41-де Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің 5 қабатты ғимаратының жертөлесінен шыққан түтінді анықтады. Әкімшіліктің хабарлауынша, жертөледе сырлау және кеңсе тауарлары сақталады. Есікті бұзып ашу қажет болды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.




Жоғары қарай