Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы әлеуметтік мәселені шешу үшін 2023 жылға дейінгі жоспар әзірленеді

2020 жылдың 16 қараша 2020 20:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ХІІ Азаматтық форумының панельдік сессиясында әкімшілік пен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңын дамыту мәселелері талқыланды. Қала әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров үш панельдік сессияның жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Сессияның модераторлары ретінде азаматық белсенділер - Аида Әлжанова мен Ирина Виговская қатысты. Талқылау барысында Ержан Бабақұмаров әлеуметтік мәселелерді анықтау мен шешудегі, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүргізудегі азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап өтті.

Стратегиялық сессияның мақсаты - қоғам өкілдері ұсыныстары негізінде әлеуметтік саладағы проблемаларды шешудің 2023 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу.

«Азаматтық форум алаңындағы пікірталастар атқарылған істерді талдауға және келешегімізді анықтауға көмектеседі. Стратегиялық сессия фасилитация форматында өткізіліп жатқанын жеке атап өткім келеді. Мұндай формат бізге әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды тақырыптарында ашық сөйлесуге, қоғамды, жалпы қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға көмектеседі деп сенемін», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Өз кезегінде, азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қалалық қана емес, республикалық деңгейдегі жаңа міндеттерге байланысты мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын айтты.

Форум барысында экология, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және цифрландыру салалары бойынша қала алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында жергілікті атқару органдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестіктің маңызды мәселелері көтерілді. Ержан Бабақұмаров үкіметтік емес ұйым мен Алматы әкімдігі ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша азаматтық форумның стратегиялық сессиясын өткізді.


Жоғары қарай