Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыдағы автобус апаты: 6 адам ауыр халде жатыр

2019 жылдың 24 шілде 2019 17:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Дәрігерлер Алматыдағы автобус пен КамАЗ соқтығысуынан жарақат алған жолаушылардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолаушылардың барлығы №4 қалалық ауруханаға түскен. 6 адам политравма бөлімшесіндегі қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

«Олардың жағдайы өте ауыр. Қазір шокқа қарсы терапия жүргізіліп жатыр. Барлығы жоғары инертті қозғалыстың кесірінен ауыр жарақат алған. Пациенттерді мультидисциплинарлы бригада өкілдері қарады. Бір пациент амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді», - деді қалалық қоғам денсаулығын сақтау басқармасынан.

Айта кету керек, жол апаты Түрксіб ауданына қарасты Шоссейная және Боралдай көшелерінің қиылысқан тұсында, таңғы 9:35-те болды. Автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты.


Жоғары қарай