Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыдағы бассейндер таяу арада ашылуы мүмкін

2020 жылдың 1 маусым 2020 19:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бассейндерді ашу мәселесі жақын арада қаралады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап моншалар мен сауналар жұмыс істей бастады. Бассейндер екінші кезеңде ашылады, өйткені онда адамдар көп болады. Жалпы бассейндегі судың құрамында дезинфекциялық зат бар. Біз қазірдің өзінде бассейнге қойылатын талаптарды әзірлеп жатырмыз. Таяу уақытта ашылып қалар», - деді ол.

Сонымен қатар ол, моншаға келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтап, міндетті түрде маска тағу керектігін ескертті.

«Қызметкерлер де маска тағып, қолғаппен жұмыс істеуі керек. Демалыс бөлмелері санитайзермен қамтамасыз етіліп , желдету режимі күшейтілуі тиіс», - деп толықтырды Ж.Бекшин.

Айта кетейік, бүгінен бастап қалада СПА салондар, қоғамдық моншалар қызметін қайта бастады .


Жоғары қарай