Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыдағы бокс кеші: Қамшыбек Қоңқабаев британиялық қарсыласын тізе бүктірді

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 23:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде басты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан болатын.

Крузервейттегі жекпе-жекте қарсыластар бос тұрған WBA Gold чемпиондық атағы үшін сайысқа түсті. Кездесу 12 раундқа есептелген. Алайда, ол аяғына дейін жетпеді. Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатына сайысты жалғастыра алмады.

Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне (тұртіншісін нокаутпен) қол жеткізді. Ол WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды. Стивен Уорд болса, кәсіби рингте екінші рет жеңілді.


Басты сөздер: Спорт, Бокс, Қоғам,
Жоғары қарай