Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

2021 жылдың 22 шілде 2021 10:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындарына жылу желілерін сынақтан өткізу орындарында көлік қоюға болмайтыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 22 шілдесі мен 11 тамызы аралығында таңғы сағат 3-тен 8-ге дейін Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау кезінде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан сақтық шараларын сақтау және оларды өткізу орындарында автокөліктерді тұраққа қоюдан уақытша бас тартуды сұраймыз», - деп хабарлады қала тұрғындарына»Алматы жылу желілері» ЖШС.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша):

22-27 шілде

Түрксіб ауданы: Сейфуллин– Бехтерев – Кассин – Айбасов;

26 шілде

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Шагабутдинов – Тимирязев – Розыбакиев.

27 шілде

Алатау аудан: Аққайнар кенті – Мәмбетов –БАК-тың оңтүстік жағы;

Алмалы және Жетісу аудандары: Абылай хан – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Тобаяков – Сейфуллин.

27- 28 шілде

Әуезов аудан: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи.

27- 30 шілде

Бостандық ауданы: – Асқаров –«Алматы» санаторийі – Сайын – әл-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – Ганди – Назарбаев – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі.

28 шілде

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Варламов – Жандосов – Айманов;

Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяков – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би;

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.

29 шілде

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко –Желтоқсан – Сәтпаев – Байтұрсынов;

29-30 шілде

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков – Сайын;

30 шілде

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбакиев;

2 тамыз

Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары: Гоголь – Қорған – Сәтпаев– Чайковский;

Алмалы және Жетісу аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин –Гайдар – Қарасай батыр.

3 тамыз

Алмалы, Жетісу және Медеуский аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелді – Райымбек – Куратов – Гоголь.

3-4 тамыз

Алатау, Алмалы және Әуезов аудандары: Рысқұлов – Гайдар – Яссауи – Абай.

4 тамыз

Алмалы ауданы: Райымбека – Тлендиева – Розыбакиева – Кулымбетова;

Жетісу ауданы: 1, 2, 3, 4 Айнабұлақ шағын аудандары, Көкмайса шағын ауданы;

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені– Гоголь.

5 тамыз

Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Ф.Оңғасырсынова –Зерделі шағын ауданы;

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Глазунов – Тихий – Жансүгіров, Ратушный, Құлагер шағын ауданы.

5-6 тамыз

Алмалы ауданы: Төле би – Абай –Әшімов – Гайдар.

6 тамыз

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Төле би – Кәрімов – Масанчи.

11 тамыз

Наурызбай ауданы: Жуалы – Сәбденов –Жақыбаев –Тарғап.

«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі», - деп атап өтті компания.


Басты сөздер: Алматы, Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай