Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы автотұрақ алынып тасталады

2021 жылдың 15 сәуір 2021 13:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы автотұрақ алынып тасталады. Бұл туралы «Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн-таныстырылымы барысында айттылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыға «Жасыл қала» мәртебесін қайтару үшін біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Сол себепті, ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алдындағы автотұрақты алып тастау туралы шешім қабылданды. Ол жерде жасыл аллея пайда болады. Жарық тартылып, орындықтар қойылады» - деді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов.

Сонымен қатар, қалада 9 жаңа саябақ аймағының құрылысы басталады.

Айта кетейік, биыл Алматыға 350 мың түп тал отырғызу жоспарланған.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс,
Жоғары қарай